УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЖАҢА ЗАУЫТТАР САЛЫНУДА: 200 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысында өндіріс көлемін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында талқыланды.

Жиында инвесторлар тап болатын түйткілдерді жедел шешу және құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтау мәселелері қаралды. Бүгінде өңірде оннан астам ірі өндірістік жоба іске асырылып жатыр.Солардың бірі – Түркістан қаласындағы индустриялық аймақта салынып жатқан қағаз зауыты. Құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 60 мың тонна қағаз өнімін өндіруге қауқарлы болмақ. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған.Сонымен қатар, «TURAN» арнайы экономикалық аймағында мақта-тоқыма кластері дамып келеді. Мұнда мақта иірімжібін өндіретін зауыттар салынып, жүздеген жаңа жұмыс орны құрылмақ. Бұдан бөлек, тамшылатып суару жүйелерін, желатин, металл бұйымдарын және ауыл шаруашылығына арналған дрондар шығаратын өндіріс орындары іске қосылуда.Сондай-ақ өңірде қуаттылығы 300 мегаватт болатын күн электр станциясының жобасы қолға алынған. Бұл бастамалар облыстың өндірістік әлеуетін арттырып, инвестициялық тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді.