Түркістан облысында әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде. Биыл республикалық бюджеттен 93 нысанның құрылысына 77,3 миллиард теңге бөлінген. Жоспар бойынша жыл соңына дейін оның 58-і ел игілігіне тапсырылмақ.
Қазірдің өзінде жеті нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілген. Қалған нысандарда құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімінің тікелей бақылауында.
Облыстық құрылыс басқармасы басшысының мәліметінше, білім беру саласында 13 нысан, ал инженерлік инфрақұрылым бағытында 47 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту аясында биыл 22 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Қалған жобалар келесі жылға өтпелі ретінде жалғасады.
