УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды. Өңірдегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Қазіргі таңда облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында саладағы өзекті мәселелер мен атқарылып жатқан жобалар сараланды. Өңірде бүгінде 200 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш бойынша облыс Алматы және Астанадан кейінгі үшінші орында. Сонымен қатар, сауда саласының нақты көлем индексі 119,7 пайызға жетіп, үздік үштікке енді.

Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау да басты назарда. Биыл «Өрлеу» және «Іскер аймақ» бағдарламалары арқылы 85 млрд теңге көлемінде несие беру жоспарланған. Сонымен қатар, 29 шағын өндірістік алаң құрылып, онда жиһаз, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсібі жобалары жүзеге асырылуда.