УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР

Түркістанда 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне  орай  облыстық спартакиада басталды. Дәстүрлі спорттық додаға 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысып жатыр. Спорттық сайыстың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев  құттықтау сөз сөйлеп,  қатысушыларға сәттілік тіледі. Биылғы спартакиадаға қатысушылар шағын футбол,  волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жүзу, шахмат, киберспорт, баскетбол және  қазақ күресі  сынды спорт түрлері бойынша бақ сынайды. Түркістан төрінде төрт күнге созылатын қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте үздік нәтиже көрсеткен командалар кубоктармен, ал спорт түрлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және медальдармен марапатталады.

Айта кетейін,  іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік пен достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ спорт түрлері бойынша Түркістан облысының құрама командасын іріктеу. Сонымен қатар жеңімпаздар шілде айында Көкшетау қаласында өтетін мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиадаға жолдама алып, облыс намысын қорғайды.