УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

«ТАЗАЛЫҚ-МӘДЕНИЕТ КӨРІНІСІ» ТЕАТР ӘРТІСТЕРІ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Сахна әртістерінің бірегей ұстазы, қазақ өнерінің майталманы Райымбек Сейтметовке берілген көше ешқашан ластанбайды. Себебі оның көзін көрген адал шәкірттері мен «жүрегіммен әртіс боламын» деген жалынды жастар барда, ұстаздың есімі де, оның атына берілген көше де ешқашан ұмыт қалмақ емес.Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Сейтметов көшесінде тазалық шарасы ұәымдастырылды. Сенбілікке Райымбек Сейтметов атындағы театр ұжымы мен Яссауи университетінің Өнер, медиа және дизайн факультетінің студенттері де  қатысты. Олар бірлесіп, жол жиегіндегі қураған шөптерді жұлып, сынған ағаш бұталарын ретке келтіріп, көшені толықтай тазалап шықты. Бұл — жай ғана сенбілік емес, ұстаз рухына деген үлкен тағзым мен мәдениеттің жарқын үлгісі.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен бұл шараға университет басшылығы да айрықша қолдау танытты. Жастардың бойындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен тарихи тұлғаларға деген құрметті арттыру — бүгінгі тәрбиенің басты бағыты.

Ұстаз мектебі мен шәкірттер сабақтастығы дәл осылай көрініс тапты. Мәдениетті сахнадан көшеге, көшеден әрбір тұрғынның жүрегіне жеткізген шара қала тазалығына қосылған үлкен үлес болды. Айта кетсек жуырда әлем назарын өзіне аударған киелі шаһарда тазалық шарасы жалғасатын болады!