УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

40 СУБҰРҚАҚ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Screenshot

Шымкент қаласының сәулеттік келбетін жандандырып, жазғы күндері тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлайтын маңызды нысандардың бірі – субұрқақтар. Қалада субұрқақтар санын арттыру, оларды жаңғырту және эстетикалық талаптарға сай жаңаша үлгіде іске қосу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.  Жалпы қала аумағында 65 нысанда 86 субұрқақ орналасқан. Оның ішінде Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде 25 нысанда 40 субұрқақ бар.

Субұрқақтарды күтіп ұстауға 2025 жылға 250 млн теңге қаржы қаралған. Ағымдағы жылдың ақпан айында мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіліп, қызмет көрсететін жауапты мекеме ретінде «Alem Energo Stroy» ЖШС анықталған.

Мердігер мекеме қала аумағындағы субұрқақтарды айына кемінде 3 рет жуып-тазалау, суын жаңарту және сынған бөлшектері мен гранит тақтайшаларыналмастыру, істен шыққан сорғылар мен жарықшамдарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.