УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНЕ ШЕТЕЛДЕН КЕЛЕТІН ТУРИСТЕР САНЫ АРТҚАН

Screenshot

Тарихы тереңге тартқан, аңызы мен шежіресі қатар өрілген Қошқар ата өзені бүгінде Шымкент қаласының жүрегінде жатқан көрікті мекендердің бірі. Көнекөз қариялардың айтуынша, бұл өзеннің бастауы ХІІ ғасырда өмір сүрген Қошқар ата есімді сопы-әулиенің атымен тығыз байланысты. Ел аузындағы аңыздарға сүйенсек, ол кісі осы маңайда елге жақсылық жасап, су көзін ашып берген, сол үшін де бұл бұлақ оның атымен аталған.

Уақыт ағымымен талай тарихи кезеңді бастан өткерген өзен бүгінде түрленіп, шырайлы демалыс орнына айналды. Толығырақ арнайы шығарылымнан көріңіз!