Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Келес ауданында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты.Сапар барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндап, нысандардың орындалу деңгейі туралы ақпарат берді.Жұмыс сапары Ақсу елді мекеніндегі ауыз су құрылысынан басталды. Жауапты мамандар жобаның іске асырылу барысы мен тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіштері туралы баяндап, Жуантөбе елді мекеніндегі су жүйесі, Жаңадәуір ауылындағы нысан, сондай-ақ Ескіқорған, Құйған және Қияжол елді мекендеріндегі құрылыстар тексерілді.
Сапар соңында Ералы Тоғжанов ауыл тұрғындарымен кездесті, олардың пікірін тыңдап, сапалы ауыз сумен қамтудың маңыздылығын атап өтті. Тұрғындар жаңа жүйенің игілігін көріп отырғандарын айтып, алғыстарын білдірді.Айта кетейік, өткен жылы Келес ауданында 13 ауыл толық ауыз сумен қамтылды, ал жобалар қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған.
