Түркістандықтар орталықтағы Жеңіс саябағына ескерткіш онатуды ұсынды. Облыс әкімінің кезекті жеке қабылдауына келген тұрғындар дәл осынай өтініштерін білдірді. Қала тұрғындарының өтініші сәулеттік жобалар кеңесінде қаралатын болады. Ал Қабылдауға қала мен аудан-аймақтардан келген азаматтар тұрғын үй, жер, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және байланыс сапасына қатысты түйткілдерін жеткізді. Жеке қабылдау барысында бірқатар мәселе сол жерде шешімін тапты. Мәселен, Бәйдібек ауданынан келген тұрғынға мамандығына сай бос жұмыс орны ұсынылды. Сонымен қатар тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту мақсатында 144 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып жатқаны айтылды. Облыс әкімі барлық өтініштің заң аясында шешілуін жеке бақылауына алатынын атап өтті. Жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Айта кетейік, мұндай қабылдаулар тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. АЙТА КЕТЕЙІК, Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
