УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫНА БАҚЫЛАУ ҚАТАҢДАТЫЛДЫ

Түркістан облысы әкімдігінде мемлекеттік сатып алу саласындағы 2025 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2026 жылға арналған нақты жоспарлар пысықталды. Аппараттық мәжілісте саладағы кемшіліктер ашық талқыланып, жауапты басшыларға бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді. Қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, сатып алу рәсімдерін уақытылы өткізу және жылдық жоспарды дер кезінде бекіту басты назарға алынды. заң талаптарын жүйелі түрде бұзатын аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалар бойынша арнайы рейтинг қалыптастырылып, оның нәтижесі ай сайын сараланып отырады. Бұл — тәртіпті күшейтіп, жауапкершілікті арттыруға бағытталған нақты қадам.2025 жылы Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу жылдық жоспары 339 миллиард теңгені құрап, 117 мыңнан астам тармақты қамтыды. Оның басым бөлігі облыстық басқармаларға тиесілі.Ал 2026 жылға жоспарланған сатып алу көлемі 219 миллиард теңгеден асады . Алдағы кезеңде сатып алуларға тұрақты мониторинг жүргізу, бәсекелестік тәсілдерді кеңейту, отандық және жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, сондай-ақ заңбұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту көзделіп отыр.Негізгі мақсат — бюджет қаржысын барынша тиімді пайдаланып, өңірдегі өзекті мәселелерді шешу. Бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауда болады.