Түркістанда классик жазушы Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай «Мақамы бөлек Мархабат» жинағы жарық көрді. Туындының тұсау кесер рәсімі Фараб ғылыми әмбебаб кітапханасында өтті. Мәдени шараны Түркістан облыстық әкімдігі, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігі, «Мархабат» журналы редакциясы және «Farab» ғылыми әмбебап кітапханасының ұжымы ұйымдастырған. Айта кетсек, «Farab» кітапханасындағы Қазақтың классик жазушысы, халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Барыс» орденінің иегері Мархабат Байғұтқа арналған залда ашылған.
Иә, Қазақ әдебиетінің төрінен орын алған Мархабат Байғұттың есімі көпшілік ортаға жақсы таныс. Қоғам шындығын айғақтайтын әңгімелері мен байыпты көзқарасы – қаламгердің ең бір ерекше тұсы еді. Бүгінде классик жазушының 80 жылдығына орай кмелі шаһарда түрлі іс шаралар өтеді деп жоспарланған.
