Мыңдаған кітап, жүздеген қонақ, бір алаң: Түркістанда халықаралық кітап жәрмеңкесі басталды. Бұл — Қазақстанда бүгінге дейін ұйымдастырылған кітап көрме-жәрмеңкелерінің ішіндегі ең ауқымдысы.шараға Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, көрмені салтанатты түрде ашып берді. Көрменің мақсаты — түркі тілдес елдердің мәдениетін, әдеби мұрасын бір алаңда біріктіру.
Түркі тілдес елдердің халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ерекше форматта өтуде. Іс-шараға Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан және Қазақстандағы отандық баспахана өкілдері қатысып, кітаптардың кең ауқымды коллекциясын ел назарына ұсынды.
Көрмеге қатысушылардың бірі — Азамат Муратұлы, ол — Еуразиялық мәдени қордың ресми өкілі. Бүгінгі жәрмеңкеге арнайы түркі тілдес 50-ден астам баспадан шыққан жаңа кітаптарын ала келген. Ал демеушілердің қолдауымен келушілерге кітаптарды тегін тарату мүмкіндігі беріліпті.
Жәрмеңке үш күнге созылады. Осы кезеңде жаңа кітаптардың тұсаукесерлері ұйымдастырылып, оқырмандар авторлармен тікелей жүздесіп, автограф ала алады. Ал келесі күндері арнайы «кітапхана бағдарламасы» іске қосылып, әдеби пікірталастар мен шығармашылық кездесулер өтеді деп жоспарланған.
