УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАННЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров халықаралық инвестициялық форумға келген шетелдік инвесторларға өңірдің тарихи және мәдени нысандарын таныстырды. Делегацияның сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басталды. Шетелдік қонақтарға, киелі қаланың тарихы кеңінен баяндалды.

Қонақтар «Этноауыл» кешенінде ұлттық дәстүр мен қолөнер үлгілерін көріп, дәстүрлі ән-күй шеберлерінің өнерін тамашалады. Жас спортшылар асық ату, бөрене көтеру, қазақ күресі сияқты ұлттық спорт түрлерінен көрсетілім жасады.

Инвесторлар «Ұлы Дала Елі» музейі мен «Керуен Сарай» кешеніне барып, өңірдің мәдени және туристік мүмкіндіктерін бағамдады. Сонымен бірге қолөнершілер орталығында жергілікті шеберлер жасаған ұлттық бұйымдармен танысып, Түркістанның қолөнер әлеуетін жоғары бағалады.

Форум аясында әлемдік компаниялар өкілдері қатысып, өңірдің экономикалық дамуына серпін беретін бірнеше жоба бойынша меморандумдар жасалды. Негізгі мақсат – Түркістанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, шетелдік компаниялармен әріптестікті күшейту.