Түркістанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде қатысқан жастар марапатталды. Республика бойынша іске асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы – Президенттің тапсфрмасф аясфнда экология мәдениетін күшейтуге бағытталған жоба. Биыл да акцияға Түркістан өңірінің жастары ат салысты.Тазалық шарасынан қалмай қатысты. Бүгінде еңбектері еленіп, Түркістан облысы әкімі орынбасарының қолынан алғыс хат алды.
Шара аясында Ертай Алтаев өңір жастарын арнайы марапаттап, олардың қоғамдық белсенділігіне жоғары баға берді.
Марапатталған жастардың бірі Асылзат Батырбекқызы. Белсенді жас өңірде болып жатқан әр-бір іс шарадан қалмай қатысатынын айтады.
Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жастармен бірге күзгі ағаш көшеттерін отырғызды. Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Жастар өз кезегінде экологиялық бастамаларды қолдауды жалғастыруға дайын екенін айтып, «Таза Қазақстан» акциясының тұрақты сипат алуы экологиялық мәдениетті жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.
