УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР КИЕЛІ МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАДЫ

Screenshot

Шымкентте ерекше балалар киелі мекендерді аралады. Өңірдің тарихи-мәдени мұраларымен танысу мақсатында ұйымдастырылған экскурсия аясында олар көне шаһардағы киелі жерлердің тарихымен жақынырақ танысты. Балалар Ибрахим ата және Қарашаш ана кесенелерінің барып,қызықты мәліметтерге қанықты. Бұл қос киелі нысан 11 ғасырдан сақталған және әулиелер шежіресінде ерекше орын алады. Балалар осы мекендер арқылы қазақ халқының рухани мұрасымен танысты. Іс-шараны “Рахмет саған анашым” әлеуметтік орталығының директоры ұйымдастырған.
«Бүгінгі экскурсия арқылы балаларды тек тарихпен ғана емес, туризм саласының қыр-сырымен де таныстырып жатырмыз”, — деді экскурсиядағы гид маманы. Экскурсия барысында балаларға ата-аналары да еріп жүріп, олардың қуанышты сәттеріне ортақтасты. Бұл – ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайтып, бірлескен әсерлі естеліктер қалыптастырудың тамаша жолы болды. Балаларының жаңа тарихи деректі танып-білуіне тікелей куә болу – әрбір ата-ана үшін ерекше қуаныш дейді олар.

Шара соңында балалар естелік суретке түсіп, алған әсерлерімен бөлісті. Осындай тарихи-танымдық экскурсиялар балаларға рухани тәрбие беріп қана қоймай, болашақта олардың елін сүйетін, мәдени мұраны құрметтейтін тұлға болып қалыптасуына жол ашады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасады. Олар ерекше балаларды қолдауға, қоғаммен етене араласуына және түрлі салаларға қызығушылығын арттыруға бағытталған шараларды көбейтуді жоспарлап отыр.