УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЕТЕЛДІК КӘСІПКЕРЛЕР ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ ЖАСАЛАДЫ

Түркістанға шетелдік кәсіпкерлер мен туристер жиналды. Себебі киелі шаһарда дәстүрлі Turkistan International Investment & Tourism Forumы басталды. Екі күнге созылатын ауқымды шара халықаралық деңгейде өтіп жатыр. Форумға Қытай Халық Республикасынан келген алып компания өкілдері де қатысуда. Өткен жылы өткен форумға Қытайдың 120 ірі кәсіпкері қатысып, нәтижесінде 35 -ке жуық мемарандумға қол қойылған еді. Биыл шетелдік қатысушылардың саны бірнеше есеге арып отыр. Бұл шет елдік инвесторлар тарапынан Қазақстан экономикасына, әсіресе Түркістан өңіріне деген қызығушылықтың артқанының белгісі.

Форім қатысушылары үшін отандық өнім көрмесі де арнайы ұйымдастырылды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің өзі щетелдік қонақтарға өңірде гығатын тауарлармен таныстырып жүрді.

Өңір басшысы форум барысында Түркістан облысының инвестициялық басымдықтарын атап өтті. , алдағы уақытта 1 млрд доллар көлемінде инвестиция тарту жоспарда бар екенін де жеткізді. Әкімнің айтуынша, Түркістанды Қазақстанның әлеуеті жоғары инвестициялық аймақтарының біріне айналдыру жұмысы нақты жобалар арқылы іске асуда.

Бүгінде облыс аумағында 46 қытайлық кәсіпорын тұрақты түрде жұмыс істейді. Сонымен бірге, Қазақстан–Қытай бірлескен индустриялық аймағының құрылысы да басталған. бұл тау-кен, логистика, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі бағытында жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік береді.

Форум аясында Сауран ауданы да Қытайдың Суан қаласынан келген 20-ға жуық инвестормен келіссөздер жүргізіпті. , ауыл шаруашылығы бойынша жаңа жобалар ұсынылады деп жоспарлануда

Шара барысында халықаралық әріптестік перспективалары, қоғамдық дипломатия, өнеркәсіп, туризм, АӨК және цифрлық технологияларды дамыту бағыттары талқыланды. Келіссөздер жүргізіліп, екіжақты меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде.