УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысында өртке қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Аталған мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Өңір басшысы Жетісайдағы өртке байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Комиссия төрағасы Қанат Алдабергенұлы тарапынан нақты міндеттер жүктелгенін Жауаптыларға өңірдегі әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, қонақүйлер мен хостелдерді қайтадан тексеруді тапсырды. Бұдан өзге заңсыз салынған және салынып жатқан құрылыс нысандарын анықтау бойынша арнайы жұмысшы тобын құрып, тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру керектігін айтты.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Асқар Төлешевтің айтуынша, өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында, автотранспортта және сауда орындарында тіркелген. Өрт оқиғаларының таралуына көбінесе электр құралдарын монтаждау және пайдалану кезінде талаптарды бұзу, пештерді орнату және пайдалану ережелерін бұзу себеп болады. Департамент басшысы өртке қарсы дабылқаққышты орнату қайғылы жағдайдың алдын алуға сеп болады дейді. Қазіргі таңда профилактикалық жұмыстармен 139 мыңдай үйге рейдтік аралау жүргізіліпті.

Мәжілісте департамент пен басқарма басшыларының ұсыныс, пікірлері тыңдалды. Мәселелер ашық айтылып, шешу жолдары қаралды. Арнайы жұмысшы топ құрамы кеңейтілді. Енді олар өрт қәуіпсізді және улы газдан уланудың алдын алу бойынша рейдтік шаралар өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.