Шымкентте автогаз тапшы!
Көлігі газбен жүретін жүргізушілер бұл мәселе бір аптадан бері бар екенін айтуда. Салдарынан кезккті сағаттап күтіп, әбігерге түстік дейді. Қала бойынша кейбір автогаз құю бекеттерінде сұйытылған газ мүлде болмаса, енді бірінде ұзын-сонар кезек көп.
Ал жауаптылар тапшылықтың себебі ең алдымен, көлік санының артуымен және ай соңындағы жеткізу кестесіндегі өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұдан бөлек, Түркістан облысынан келетін жүк көліктері мен жеңіл темір тұлпарлар да Шымкенттегі бекеттерден газ құйып алады екен. Десе де жақын күндері бұл мәселеге нүкте қойылады деп сендіреді.
Мұндай жағдай жыл сайын қайталанып отырады. Мысалы, өткен жылы ай сайын шамамен 6,5 мың тонна сұйытылған газ бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 8,5 мың тоннаға дейін артқан. Сарапшылардың айтуынша, көліктерге газ орнату санының тіркелмей көбейіп кетуі нақты статистиканы бұрмалап, жоспарланған көлемнің жеткіліксіз болуына әкеліп соққан.
