Шымкентте гонконг тұмауы тіркелмеген. Деседе күздің ызғары мен ылғалы қатар келген шақта ЖРВИ мен тұмау дертіне шалдығып, ем алып жатқан науқастар көп. Тұрғындар арасында жөтел, қызу көтерілу және әлсіздік белгілері жиілеген. Ақ халаттылар емді дер кезінде алуға кеңес береді. Эпидемиолог мамандардың мәліметінше, соңғы аптада ауруға шалдыққандардың саны өткен кезеңмен салыстырғанда артқан. Олар мұны ауа райының құбылуымен және тұрғындардың жеке сақтық шараларына салғырт қарауымен байланыстырады.
Ал шымкенттіктер тұмаудан қалай қорғанып жүр? Өздерінен сұрап білдік.
Ал санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері тұрғындарға адам көп жиналатын орындарға баруды шектеуге, ал жүкті әйелдер мен кішкентай балалардың той- мерекелік ім шара сияқты жиындарға қатысуын барынша азайтуға кеңес берді.
Снх : сэс
