УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАР АРАЛАС ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ

Шымкенттіктер алғашқы қардың лебін қараша айының басында сезеді. Алдағы күндері мегаполисте ауа райы күрт суытады. Синоптиктердің мәліметінше қараша айының 4 — нен 5 ші жұлдызына қараған күні ауа температурасы нөл градустан төмен түсіп қала аймағында қар аралас жаңбыр жауады.

Мамандардың айтуынша, бұл қарашаның алғашқы күндеріне тән табиғи құбылыс. Әрі қалың қарды қала тұрғындары қараша айының ортасынан күтуіне болады. Еліміздің оңтүстік өңірінде де биылғы жылы суық ертерек сезіліп отыр. бұдан бөлек бүгін ақтөбе, қостанай, ақмола, палодар ұлытау , қарағанды, абай және шығыс қазақстан облыстарында қар ұшқындап көктайғақ болады. Соңғы күндері Ақмола облысында ауа райы құбылып, жаңбыр аралас қар жауып жатыр. Полиция қызметкерлері жолдарда көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертеді.

Айта кетсек, шымкенттіктерге жылу беру 1 қарашадан басталды.дегенмен әлі кейбір тұрғындардың үйіне жылу жеткен жоқ, бұл туралы қала тұрғындары айтуда.

Бүгінде шымкент халқына жылу беру жұмысы жалғасып жатыр.