УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

2% ЖӘНЕ 5% НЕСИЕЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ: 444 БАСПАНАҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

Үй кезекте тұрғандарға баспана алуға мүмкіндік! Шымкентте 2 және 5 пайыздық несиелік тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау жалғасуда. Құжаттар отбасы банк порталы арқылы онлайн түрде қабылданады. Яғни ортада адами фактор жоқ!
Тұрғын үй бағдарламасына арнайы санатқа кіретін , үй кезегіне тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтар қатыса алады. Бүгіннің өзінде 5 мыңнан астам азамат 1,2,3 бөлмелі пәтер конкурсына құжат тапсырып қойған. Жалпы 444 баспанаға конкурс жарияланыпты. Мамандар бармақ-басты, көз қысты әрекеті орын алмайды деп сендіреді.

Биылғы жылдың жаңалығы тұрғын үй кезегіне тұру жұмысы толықтай отбасы банк мекемесіне өткен. Енді кезектілікке тұрғын үй басқармасы жауап бермейді. Қазір үй кезегіне оркен кз порталы арқылы 18 жасқа толған, атында 5 жылдан бері үйі жоқ ел азаматтары тұра алады. Бүгінде шаһарда үй кезегінде 90 мыңға жуық адам тұр.

Айта кетсек, бүгінде “Отбасы банк” арқылы өз баспанасына қол жеткізген тұрғындар саны артуда. Биылдың өзінде мыңнан астам тұрғын жеңілдетілген бағдарлама аясында қоныс тойын тойлаған.