УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

Болашақ педагогтар инклюзивті білім беруде жасанды интеллект технологияларын қолданады.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде инклюзивті білім беру жүйесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу мақсатындағы халықаралық ғылыми конференция өтуде. Маңызды шара аясында түрлі тәжірибелерді жинақтай отырып, мамандар оны университеттегі білім беру жүйесіне қосуды жоспарлап отыр.
Шараға инклюзивті білім беру саласындағы шетелдік жетекші ғалымдар да қатысуда. Олар жиында Қазақстандағы білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізудің өзекті мәселелері мен мүмкіндіктерін талқылады.

Ана Скледар Ғылыми конференция қатысушысы. Ол Хорватиядағы Білім беруді дамыту институтының жоғары білім жобаларының жетекшісі. Сөзінше
Қазақстанда жасанды интеллектті білім беру жүйесіне бейімдеу үдерісі енді ғана басталып келе жатыр. Сондықтан бұл саладағы атқарылған жұмыстарға нақты баға беру үшін уақыт қажет дейді.