УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЕРЕКШЕ КҮТІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН АЗАМАТТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДАН ҚАҒЫЛМАЙДЫ

Түркістан облысында ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Өңірде бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілген. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалуы бағытындағы жұмыстар сараланып, мәселелер талқыланды.

Өңірде жүз мыңнан астам мүгедектігі бар адам есепте тұр. 2021 жылдан бастап ерекше жандарды әлеуметтік қорғау шаралары «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы көрсетіліп, қажетті тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік берілген. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметтерді алу процесі жеңілдетілген. Ал биылдан бастап санаторийлік-курорттық емдеу шаралары мен міндетті гигиеналық тауарларды, ымдау тілі маманы, жеке көмекші қызметін алуға өтініштер проактивті түрде қабылданып жатыр.