Желіде қызу талқыға түскен бейнежазбадан соң Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханысынң басшысы қатаң сөгіс алды. Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында орын тапшылығына байланысты аналар мен ауру балалар дәліздің еденінде жатуға мәжбүр болған. Дәл осындай мазмұндағы бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кеткен.Көпшіліктің наразылығын тудырған бұл жағдай ел ішінде қызу талқыға түсіп еді. Брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек даулы бейнежазбаға қатысты ресми түсініктеме берді. Бұл бейнежазба ғимаратқа күрделі жөндеу жүріп жатқан уақытта түсірілген екен. Қазір ауруханада 10 бөлімшенің 8-і тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда ерекше қауіпті инфекцияларға шалдыққан науқастарға көмек көрсетіледі. Әр палатада жеке санитарлық торап пен желдету жүйесі бар. Бүгінде науқастар санитарлық талапқа сай палатаға орналасыпты. Мәселе бақылауға алынған,- деді қала әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ, брифинг аясында шаһарда жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайына қатысты да ақпарат берілді.
