УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ЖАҢА ӨМІР”: ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕГІ ЖАСТАР КІШІ ФУТБОЛДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Жаңа өмір! Шымкентте пробация есебіндегі жастар арасында спорттық турнир өтті. Бұл жолы есептегі 100- ден астам азамат кіші футболдан өзара сайысты.

Бес ауданнан жиналған қатысушылар жеңіс үшін емес, жаңа өмірге қадам басып, қоғамға бейімделу жолында бірлік пен сенім үшін жарысты.Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, бұрынғы сотталған азаматтардың өмірге деген құлшынысын арттыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай турнирлер достық пен тәртіпке үйретіп қана қоймай, жасырын таланттардың ашылуына да жол ашады.

Айта кетейык Жаңа өмір» жобасы аясында өткен додада үздік ойыншылар 1, 2, 3-орындармен марапатталып, медаль мен қаржылай сыйақыға ие болды.