Шымкентте инфрақұрылымды жаңғырту жұмысы жалғасуда. Бұл жұмыстар үшін арнайы инвеститциялық бағдарлама аясында қаражат та бөлінген. Бүгінде қалалық “Су құбыры және канализация” басқармасының ұйымдастыруымен арнайы прес тур өтті. Масс — медиа өкілдеріне атқарылған жұмыстар таныстырылды. Жалпы бағдарлама негізінде 800 мың теңгеге жуық қаражат бекітілген. Халық санының өсуіне және қаладағы шағын аудандардың кеңеюіне байланысты тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету үшін желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда бақылау-өткізу пунктін жаңғырту, өрт гидранттарын ауыстыру, су құбыры желілеріндегі ысырмаларды ауыстыру сорғы станцияларындағы насос жабдығын ауыстыру жұмыстары іске асуда.
Ал “Оңтүстік бадам” су сорғы станциясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Жолға асфальт төселіп жаңа төрт су сорғы насосы қондырылған. Антитерорға қарсы талапты сәйкестендіру мақсатында бейнекамералар орнатылып, қоршауда ретке келтірілген. Бұдан өзге мұндағы жарықтандыру мәселесі де толығымен шешілді дейді сала жауаптылары. Ал кейбір нысандарда кеткен кемшіліктер толығымен ретке келтірілген.
