Шымкентте жаңа экопарк ашылады. Абай ауданындағы қоқыс полигоны саябаққа айналады. Ол үшін бюджеттен қаражат бөлінбейді. Осылайша Сәрсенбідегі дәстүрлі брифингте қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жағымды жаңалық жеткізді. Қазірдің өзінде экопарк салу бойынша жұмыстар басталып кеткен.
Ескі полигон орнын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары демеуші есебінен жүзеге асады. Жоспарға сәйкес, экопарк аумағында балаларға арналған ойын алаңшалары, спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін алаңдар, жүгіру жолдары, тынығу аймақтары да қамтылады.
