Жаңалықтарымызды жалғастырамыз! Сәрсен Құранбек масс -медиа өкілдері мен желі қолданушыларын жалған ақпарат таратпауға шақырды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары брифингте жұмыс істеп жүрген жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысты қоғамда туындаған түсініспеушіліктер мен ақпараттың бұрмалануы жайлы ашық айтты.
Бағдарлама аясында пәтер алғандардың барлығы шартты сақтамаған. Бұл деректер Мониторингтік тексеру нәтижесінде анықталған. Мәселен кейбір жастар мемлекеттен алған баспанада тұрмаған.
Алайда бұл ақпарат әлеуметтік желіде бұрмаланып таратылған.
