Жалғастырамыз. Шымкентте алаяқтық дерегі азаймай тұр. Соңғы аптада мегаполисте 176 қылмыстық іс тіркелген. Басым бөлігі — алаяқтық. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек брифингте мәлімдеді. Алаяқтық істерінің ішінде 37 оқиға интернет арқылы жасалған. Яғни, тұрғындар онлайн кеңістіктегі қылмыскерлердің арбауына түсіп, сан соғып қалып жатыр.
Сәрсен Абайұлы тұрғындарды барынша сақ болуға шақырды.Брифингте интернет желісіндегі есірткі сататын астыртын дүкендер туралы да мәлімет берілді. Есірткімен күрес бойынша шаһарда жұмыс жүйелі түрде іске асып жатыр.
Сонымен қатар, қалада жол-көлік оқиғаларының саны да азаймай тұр. Бұл – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтамауынан туындап отырған мәселе. Әкім орынбасары жолда барынша мұқият болуды, адам өмірі мен қауіпсіздігін бірінші орынға қоюды сұрануда.
