Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет шетелдік инвестормен кездесіп, облыста инвестициялық жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы келіссөз жүргізді.
Кездесуде Түркістан облысында жаңа кәсіпорын ашу және өзге де жобаларды жандандыру бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Айта кетейік, облысқа жыл басынан 783 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3 есе жоғары. Инвестиция құрылымында негізгі үлес жеке инвестицияға тиесілі
