Шымкенттік зейнеткерлер музей пен театрларға тегін кіре алады. Атап айтқанда, театрларға премьералардан өзге кешкі қойылымдарға кіру үшін зейнеткерлерден ақы алынбайды. Ал, Шымкент циркі өз репертуарындағы қойылымдарға зейнеткерлерді тегін қабылдайды. Сондай-ақ, қаладағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы зейнеткерлерге арналған барлық іс-шараларға тегін кіру мүмкіндігін ұсынып отыр. Шымкенттің кез келген зейнеткері осы жеңілдіктерді пайдалану үшін өзімен бірге зейнеткерлік куәлігін ала келуі тиіс. Бұл қарияларымыздың рухани демалуына мүмкіндік береді. Бұдан өзге қарттарға жасалған жағдай көп. Мәселен шипажайға да тегін жолдама беріледі.
Зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуі мен салауатты өмір салтын ұстануы үшін қалада “Белсенді ұзақ өмір” орталықтары жұмыс істейді. Мұнда зейнеткерлер түрлі жаттығу мен үйірмелерге қатыса алады. Әрі қажетті медициналық көмекті де алады.бүгінде қалада мұндай 4 орталық бар. Алдағы уақытта оның саны тағы біреуге артады.
Зияда Исатайқызы — зейнеткер. Ол аталған орталықта 3 жылдан бері қызмет алып келе жатқанын айтады. Айтуынша бұл мекемеге келгелі өзіне жақын құрбылар тауып музыкалық ансамбль тобын құрып, түрлі мерекелік шараларда өнер көрсетіп те жүр.
Орталық 2 ауысымда зейнеткерлерге қызмет көрсетеді. 33 үйірме түрі бар. Қызмет алушылар шаһардың мәденр мекемелеріне де енді тегін кіре алады. Мұражай, театрға саяхаттау жобасы орталық бағдарламасына енгізілген.
Ал шымкенттік зейнеткерлер өздеріне жасалып жатқан жағдайға көңілдері тола ма? Өздерінен сұрап көрейік.
