Түркістан облысындағы Өндірістік парк аумағында мақта, күріш және басқа да дақылдарды жинауға арналған ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру зауыты салынады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «АгромашХолдинг KZ» акционерлік қоғамының президенті Динара Шүкіжанованы қабылдады. Кездесу барысында ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланып, агроөнеркәсіп саласында жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру жайы пысықталды. Облыс басшысы өңірдің инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталып, ортақ бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Бүгінде аталған бастаманы жүзеге асыру бағытында жұмыстар дп басталып кетті. Жобаға “Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» толық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.
Айта кетсек, Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені еліміздегі жетекші орынға ие. Мемлекеттік аграрлық саланы ауқымды қолдауларының нәтижесінде, саланының инвестициялық тартымдылығы жылдан жылға еселеп артуда. Осы жылдың 8 айының өзінде салаға 125 млрд. теңге инвестиция тартылған. Мемлекет қолдауымен биыл шаруа қожалықтары 618 техника алған болатын.
