УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“БАСТАУ БИЗНЕС”: ҮШІНШІ ЛЕККЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ 20 ҚАЗАНДА БАСТАЛАДЫ

Бизнес бастаймын деген шымкенттіктердің назарына!
Business.enbek.kz порталында бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдау басталады 20 қазанда басталады. Кезекті үшінші лекте 93 адамға 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Бұл 1,5 млн теңгеден сәл асады.
Өтінімді жұмыссыз ретінде тіркелген тұрғындар, жеке кәсіпкерлер жолдай алады. Бұдан өзге үміткерлер әлеуметтік санатқа кіруі шарт.

«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде соңғы 3 жылда кәсіпкерлік негіздері бойынша оқығаны туралы сертификаты болуы қажет. Сонымен қатар мансап орталықтары немесе ХҚКО-дағы өз-өзіне қызмет көрсету аймақтары арқылы да өтініш беруге болады. Қаражатты мақсатты жұмсау маңызды. Егер өз шығынын жапқандар болса, мемлекет қаожысын өтеп беруге міндеттеледі. Айта кетсек, Грант иегерлерін комиссия өкілдері іріктейді. Үміткер өз жобасын комиссия алдында қорғайды. Комиссия шешімі порталдағы жеке кабинетке жіберіледі. Қолдау тапса, келісім жасалып, қаражаттың жұмсалуы бойынша электронды форматта тоқсан сайын есеп беріледі.