УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕРДІҢ КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Screenshot

Шымкент қаласындағы Бадам су қоймасында әскери міндеттілер мен аумақтық әскерлердің жеке құрамының қатысуымен он күндік жиындардың қорытынды кезеңі өтті. Бұл іс-шара төтенше жағдайда стратегиялық нысандарды қорғау мен күзетуде өзара іс-қимыл мен үйлестіруді пысықтауға бағытталды. Шара барысында қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдар, соның ішінде әлеуметтік тұрақсыздық пен диверсиялық әрекеттерді бейтараптандыру жаттықтырылды.

Айта кетсек, аумақтық қорғаныс бригадасының күзгі арнайы тактикалық оқу-жаттығу жиынына 93 әскери міндеттіні қабылдады. Олар онкүндік жиын аясында мемлекеттік-құқықтық дайындық, тактикалық, арнайы және атыс даярлығы секілді негізгі бағыттар бойынша білімдерін жетілдіріп, тәжірибелерін шыңдады. Жалпы оқу 18 түрлі пән бойынша жүргізілді. Айта кету керек, оқу-жаттығу жиыны кезінде әскери міндеттілердің негізгі жұмыс орны мен жалақысы сақталады. Сонымен қатар оларға арнайы қаржылай өтемақы, киім-кешек және тамақпен қамтамасыз ету қарастырылған.