УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЖАҢА БОКС АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ

Screenshot

Шымкентте жаңа спорт нысаны ашылды! Самал мөлтек ауданында орналасқан «Iliyas Boxing Academy» бүгіннен бастап өз есігін айқара ашты. Жаңа заманауи талаптарға сай салынған спорт залы Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы Ильяс Зиятбекұлының жеке академиясы. Салтанатты ашылу салтанатына Ильяс бапкердің әкесі арнайы келіп ақ батасын берді.

410 шаршы метрді қамтитын нысанда бокс залы, 28 орындық қонақ үй, асхана, үш жұмыс бөлмесі, киім ауыстыру және жуыну бөлмелері қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда бір бокс рингі, сегіз қап, 15х11 метрлік татами орнатылған. Алдағы уақытта жүгіру жолақтары, турник, брусья және тренажер жабдықтары толықтырылмақ.

Академия 10 жастан бастап жүз балаға дейін қабылдай алады. Олармен тәжірибелі үш жаттықтырушы күнделікті дайындық өткізеді. «Iliyas Boxing Academy»-дің басты мақсаты – балалардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасап, олардың халықаралық ареналарға жолын ашу.