УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЖОЛДАУ — 2025: ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУҒА СТУДЕНТТЕР ДЕ ҮЛЕСІН ҚОСАДЫ

Screenshot

Жолдау аясында Президент тапсырмасын орындауға шымкенттік студенттер де атсалысады. Шымкентте жастар арасында Президент Жолдауын түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кезекті жиынға қаладағы колледждер мен жоғары оқу орындарының ақпараттық технологиялар мамандығында оқып жүрген студенттер арнайы шақырылды.

Кездесуде Shymkent Hub орталығының өкілдері Президент Жолдауындағы цифрландыру мен жасанды интеллектті күнделікті өмірге енгізу бағытындағы жобаларды таныстырды. арнайы дәріс оқылды. Шара аясында студенттер жаңа технологиялардың мүмкіндіктерімен танысып, жасанды интеллект жүйесі жөнінде тың ақпарат алды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында цифрландыру саласында ауқымды жұмыстар іске асып келеді. Осы мақсатта Shymkent Hub жастарға арналған тегін курстар ұйымдастырып, IT саласындағы білімін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.