УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ӘЛ — ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Screenshot

Баспасөз брифингінде БАҚ өкілдеріне есеп берген Әл-Фараби ауданының әкімі жарықтандыру жұмысының қарқынды жүріп жатқанын айтты. Бүгінде ауданда 1 елді мекен, 17 шағын аудан мен 390 көше бар. Көшелерге жарықшамдар орнату бойынша 133 көшеге жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жоспарланған. Ал, аудан әкімі аппараты болса 112 көппәтерлі тұрғын үй аулаларын қамтыған. Жұмыс жүйелі түрде іске асып жатыр екен. Сапасы аудан әкімі Маратбек Мықтыбековтың бақылауында.