УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЖАҢА 5 СКВЕР САЛЫНАДЫ: ӘЛ- ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

Screenshot

Шымкент қаласында 5 жаңа сквер бой көтереді. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі айтты. Одан бөлек аудан аумағында 27 саябақ, гүлзар және демалыс орындары бар. 2025 жылдың бірінші жарты жылдығының есебін берген Маратбек Мықтыбеков аудан аумағындағы мемурал салу жұмысы да 100% аяқталғанын айтты.

Жалпы алғанда Әл-Фараби ауданында инфрақұрылым мәселесі өз шешімін тапқан. 300 мыңға жуық халқы бар ауданда реновация, базарларды жаңғырту жұмысы жүйелі. Сонымен бірге, халық қатысатын бюджет жобасы шеңберінде Әл-Фараби КММ тарапынан 6 спорт алаңшасына ал, демеушілер тарапынан 3 ашық спорт алаңшаларына жөндеу жұмыстары жүрген.