УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ

Screenshot

Қалалық өңірлік коммуникациялар алаңында Еңбекші ауданының әкімі де атқарылған жұмысты баяндады. Бүгінде ауданда инфрақұрылым мәселесі кезеңімен шешімін табуда. 728 көшесі бар ауданда асфальт салу жұмысы да қарқын алған. Бүгінде аяқжол салу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде 51 көшедегі аяқжолдар жөндеуді қажет етеді.

Еңбекші ауданында жарықтандыру жұмысы да жүйелі түрде жалғасуда. Ауыз толтырып айтарлығы, 2025 жылы 367 көшені жарықтандыру жоспарланған. Оның 282 толығымен орындалып, 85 көшеде жұмыс жүруде.