УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ: ДЕПУТАТТАР ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУҒА САҚАДАЙ САЙ

Screenshot

Шымкент қалалық «Аманат» партиясы филиалында бақылау комиссияның ұйымдастыруымен Президент жолдауындағы тапсырмаларды орындау бойынша жиын өтті. Алқалы жиын аясында партия мүшелері Мемлекет басшысының бастамаларын ортаға салды. Олар бір ауыздан жолдау жүктеген міндеттерді толық қолдайтындарын жеткізді. Тіпті тапсырмаларды орындауға да сақадай сай.

Партия өкілдері Жолдауда айтылған барлық бағыттар бойынша жұмыс жүргізуді күн тәртібіне қойды. Алдағы уақытта жүйелі жұмыс атқаруға ниетті екендерін мәлімдеді. Әсіресе қарызсыз қоғам құру бастамасы ерекше аталды. Бұл бағытта «Аманат» партиясы 11 мыңнан астам адаммен жұмыс жүргізгенін атап өтті.

Сонымен қатар, жиында заманауи дамудың негізгі бағыты ретінде жасанды интеллект пен жаппай цифрландыру мәселелері қозғалды. Айта кетсек, жуырда елде Жасанды интеллект министрлігі құрылды.

Жиында ұлттық дәстүр мен мәдени мұраның маңыздылығы да ерекше көтерілді. Өнер адамдарын қолдау, мәдени құндылықтарды жаңғырту және мектептерде ұлттық сананы дәріптеу бағытында ұсыныстар айтылды.
Депутаттар Жолдауда көтерілген барлық бастамаларды ел болашағы үшін маңызды қадам деп санайды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының саясатын бір ауыздан қолдайтындарын жеткізді.