- Арғымақ шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік балабақша мен мектеп керек. Ал мамандар Арғымақтан 2,5 шақырым жерде келешек мектебі пайдалануға берілгенін айтады. Мәселелерді түсіндіру үшін Тұран ауданының әкімі халықтың алдына келді. Арғымақтықтар мемлекеттік балабақшаға да барғысы келеді. Ал Жауаптылардың берген мәліметінше аталған шағын ауданда жекеменшік балабақша барын алға тартады. Және ол мемлекеттен субсидияланады. Одан бөлек тағы екі мектепке дейін білім беру ұйымы қызмет ететінін жеткізді.
Ал инфрақұрылым мәселесін көтерген тұрғындар, рұқсатсыз үй салып алғанын мойындап отыр. Тұран ауданының әкімі мәселеге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
