Жол ережесін бұзсаңыз оны тек сергек түсіріп қоймайды. Енді бақылаушы дрондар да қосылды. Өңірдің полиция қызметкерлері жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында және қауіпсіздікті қамтамасыз етіу мақсатында жүргізген профилактикалық іс шарасында сайрам ауданында көптеген құқық бұзушылық әрекеттері тіркелген. Қауіпсіздік белбеуін тақпаған 5 жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы тіркелген. Сонымен қатар Қарабұлақ ауылында көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра автокөлік басқарған жүргізуші анықталды. Оған қатысты әкімшілік шара көріліп, көлік айыптұраққа қойылды. Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
