Жетісай ауданындағы Асықата кентінде жаңа медициналық орталық ашылды.Нысан — Жергілікті кәсіпкердің жеке инвестициясы есебінен салынған. 2 миллиард теңгеге салынған медициналық орталық заманауи құрал-жабдықтармен толығымен жабдықталған. Мұнда тәулігіне 280 адамға дейін қабылдау жүргізіліп, 10 орындық күндізгі және 40 орындық тәуліктік стационар қызмет көрсетеді.
Жоба аясында 70 жаңа жұмыс орны да ашылған. Орталықта терапевт, кардиолог, хирург, невропатолог, стоматолог, педиатр және өзге де жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар күрделі операциялар жасауға мүмкіндік қарастырылған.
Нысанның ашылуына қатысқан облыс басшысы денсаулық сақтау саласына салынған әрбір инвестиция халықтың өмір сүру сапасын арттырып, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.
Айта кетсек, Медициналық мекемеде зертханалар, балалар мен ересектерге арналған вакцина кабинеттері, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған лифт және заманауи жедел жәрдем көліктері бар.
