Жемқорлықпен күреске мәдениет саласының мамандары мен спорт шеберлері де білек сыбана кірісті!
Сайрам ауданында жастармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесу өтті.
Мемлекет басшысы атап өткендей, әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыру қажет. Бұл – барша азаматтың мүддесін, құқығы мен бостандығын қорғаудың мызғымас тірегі.
Ақсу ауылындағы Мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.
Шараның басты мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, парасаттылық пен адалдық қағидатын қоғамда кеңінен насихаттау.
Кездесу барысында қатысушыларға дропперлік істерге қарсы күрес және алаяқтық қылмыстардың алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндірме жүргізілді.
Президенттің сөзінше, «Заң және тәртіп» қағидатын жаппай дәріптеуіміз керек. Қазақ халқы қай заманда да заңға бас иген, дала заңын сақтаған халық. Бұл – біздің қанымызға сіңген қасиет.
Шара барысында Ләйлә Сұлтанқызы жастарға мәдениет пен өнер саласында әділдік пен адамгершілік қағидатын сақтау — кәсіби табыстың негізі екенін түсіндірді.
