УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АТШАБАР АШЫЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН

Түркістанда жаңа нысандар саны артуда. Жыл соңына дейін киелі шаһарда халықаралық талапқа сай атшабар ел игілігіне беріледі. Бүгінде бұл нысанның құрылысы қарқын алған. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аралау барысында атшабардың құрылыс барысын қадағалады. Жауаптыларға бірқатар сын-ескертпе айтты. Басты талап құрылыс жұмысы негізгі сәулеттік жобаға сай болу қажет! Сондай-ақ әкім сапалы материалдарды ғана қолдануды тапсырды.

Бүгінде нысан басында 200-ге жуық жұмысшы, 53 техника жұмысқа тартылған. Электр, су, жылу, кәріз жүйелері де жүргізілуде. Атшабарда жылқыларды күтіп-ұстайтын орындар, ветеринарлық бекет, жем мен шөп қоймасы, бәйге алаңы мен көкпар ойнайтын алаң бар. Жалпы ат спортын дамытуға барлық жағдай жасалады.