Әлеуметтік қолдау шараларын тағайындаудың жаңа скорингтік үлгісі тек білім мен әлеуметтік қорғау саласында ғана емес, спорт пен тұрғын үй бағытында да нақты пайдасын тигізуде. Мәселен, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқарма мамандарының айтуынша, енді мұқтаж балаларға спорт секцияларына қатысу жеңілдейді. Қосымша анықтама жинау, табыс туралы қағаз әкелу қажет емес. Барлығы цифрлық карта арқылы автоматты түрде есептеледі. Бұл – дарынды баланың мүмкіндігін ашып, спорттағы теңсіздікті азайтуға жол ашады.
Осылайша, әлеуметтік қолдаудың жаңа жүйесі балалардың спортқа қолжетімділігін арттырып, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етеді. Бұл – қоғамдағы салауатты өмір салтын қалыптастырудың бір тетігі.
