УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ДЕНДРОСАЯБАҚ ЖАҢАРАДЫ: РЕКОНСТРУКЦИЯ ЖҰМЫСЫ ҚАШАН АЯҚТАЛАДЫ?

Screenshot

Дендросаябақта кітапхана ашылады. Бүгінде жаңарту жұмыстары болып жатқан паркте еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін жағдай жасалуда. Нақтырақ айтсақ, жаттығу жасайтын орындар жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүйелі жүруде. Сонымен бірге, демеушілік есебімен жасалып жатқан жұмыста мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттығу орындары да жасалған. Айта кетейік, бүгінде дендрологиялық саябақта халықтың ұсынысымен кітапхана салу жұмысы жүруде. Енді қала тұрғындары мен қонақтары паркте жүріп қана қоймай, кітап оқып, табиғат аясында пайдалы уақыт өткізуге мүмкіндік алады.