УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЗАМАНАУИ ПЕРЗЕНТХАНАЛАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

Сарыағаш қаласында 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Нысан Мемлекет басшысының Түркістан облысына сапары барысында берген тапсырмасы аясында салынып жатыр. Іргетас қалау рәсіміне облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.
Жаңа медициналық кешен Сарыағаш қаласымен қатар Келес, Мақтаарал, Жетісай, Қазығұрт және Шардара аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бұл аймақта 1 миллионнан астам халық тұрады. Жоба іске қосылғанда өңірдегі мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі артады.

Аурухана 300 төсек-орынға есептелген. Құрамында хирургиялық, терапиялық және перинаталдық блоктар болады. Медициналық кешен заманауи жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен толық жабдықталады.

Нысан 10 гектар аумақта салынады. Үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы 70 мың шаршы метрден асады. Құрылыстың аяқталуы 2027 жылдың желтоқсанына жоспарланған

Түркістан облысында соңғы жылдары денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жұмыстары күшейтілген. Өткен жылы өңірде 40-қа жуық медициналық нысан пайдалануға берілді. Сарыағаш ауданында 6 медициналық нысан іске қосылған.