УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ВИЦЕ — ПРЕМЬЕР ШАРДАРАДАҒЫ СУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Шардарадағы су нысандарының жұмысын тексерді.
Вице-премьер Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге «Шардара СЭС» АҚ-ның жұмысымен танысты.Кездесуде өңірдегі су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жобалар таныстырылды. Оның ішінде халықаралық қаржы институттарының қолдауымен жүзеге асып жатқан бастамалар да бар.Сонымен қатар Қанат Бозымбаев «Шардара» су қоймасындағы су деңгейін бақылап, гидротехникалық нысанның жұмысы мен техникалық мүмкіндіктерін көрді.Вице-премьер сала мамандарымен пікір алмасып, айтылған ұсыныстарды бақылауға алды. Жауапты басшыларға тиісті жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.