УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ: SEITZHAN SCHOOL МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Screenshot

Ұстаздың мерейі үстем болды! Білім күні Seitzhan School мектебінің ұстаздарына пәтер кілті табысталды. Осылайша білім ұясы жаңа оқу жылын өзгеше бастады. Су жаңа баспана үздік сынып шығарған үш мұғалімге берілді. Бұл — еңбегі еленген мұғалімге жасалған үлкен құрмет әрі ұстаз мәртебесін көтеруге бағытталған нақты қадам. Сондай ақ , білім ордасының табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндер үшін де бұл күн тарихи сәтке айналды. Салтанатты жиын барысында Жоғарғы сынып оқушылары жас бүлдіршіндерге сыйлықтар тасбыстады.

Айта кетейік, жаңа оқу жылын Seitzhan School мектебі 700-ден астам оқушымен бастағалы отыр. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде тереңдетілген білім беретін мектеп оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік ашып отыр. Ал алғашқы қрңырау соғылған Салтанатты жиынға оқушылар мен ата-аналар ғана емес, қоғам қайраткерлері де қатысты.

Жаңа оқу жылы — жаңа бастама. Ал еңбегі бағаланған ұстаз — ел болашағының айнасы. Айта кетсек, Сейтжан скул мектебінде биыл 7 және 11 сынып оқушыларына арнайы грант та бөлінген. Мектеп оқушыларының білім саласындағы жетістігі де көп. Басым бөлігі олимпиада деңімпаздары. Ұстаздар қауымы биыл ла бұл жетістіктерге жету үшін аянбай еңбек етуге дайын екенін айтады.